Дүйсенбі, 14 маусым, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (1748)
12.06.2021
PDF мұрағаты

Аяқ киім қажамас үшін…

26.11.2020

391 0

Жаңа аяқ киім алғанда міндетті түрде аяқты қажайтыны бәріміздің жүйкемізді тоздырады. Себебі, ол әлі жұмсарып, кеңімеген, дұрыстап орнықпаған. Ал егер қажаудың алдын алсаңыз, көп қиналмайсыз. Бұл кедергіден арылудың бірнеше жолы бар. Өзіңізге пайдалы деп танығаныңызды жасап көріңіз.

Аяқ киіміңізді кеңейтіңіз:Қалың шұлықты спиртпен дымқылдап, шұлығыңыз кепкенге дейін киіп жүріңіз. Алдыңғы әдістен спирттің артықшылығы – тез кебуінде. Демек, аяқ киім де тезірек кеңейеді. Есте сақтаңыз, спирт аяқ киімнің түсін өзгертіп жіберуі мүмкін. Ал жұмсақ тері – күдеріден жасалған аяқ киімдер үшін спирттің орнына сыраны пайдаланған дұрыс.

Асығыс жағдайларда балалар кремін (кез келген майлы крем де жарайды) аяғыңызға жағып алыңыз.

Туфлиіңіздің қажайтын тұстарына балауыз немесе сабын жағып қойсаңыз, жүруге ыңғайлы болады. Бұл әдісті қайталап отыру керек.

Аяқ киімді киер алдында қажайтын жерге пластырь жабыстырып алыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: