Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүл түсінің өз сыры бар

04.04.2023

984 0

Жақында гүл өсіруші әрі гүл сатумен айналысатын қала тұрғыны Алуа Серікқызынан қызықты жайт естідік. Оның айтуынша, әр гүл түсінің өз сыры бар екен. Сондай-ақ ол әрбір адам баласына гүл ең керемет сыйлық екенін де жеткізді. Біз бұл ақпаратты оқырмандарымызбен бөліскенді жөн көрдік.

– Жақын адамыңыздан сыйлыққа гүл алсаңыз, ол сіздің көңіліңізді көтеріп қана қоймай, денсаулығыңыздың жақсаруына да әсерін тигізеді екен.

Айтпағымыз, дәрілік өсімдіктердің емдік әсері емес, кәдімгі аулаға, бөлмеге көрік беретін қарапайым гүлдердің денсаулыққа пайдасы жөнінде көп нәрсе білуге болады, – деді кейіпкеріміз.

Гүлдің науқастанып жатқан адам­ның сауығып кетуіне әсер ететінін бұрынғылар жақсы білсе керек. Сол себептен ертеректе науқас жанның алдына гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған. Әдетте гүл таңдауға келгенде біз сыртқы пішіні мен түріне, әдемілігіне ғана мән береміз. Ал гүлді өсіріп, баптаушылардың айтуынша, көз арқылы қабылданатын гүлдердің түсі миға әсер етіп, ағза қызметін жақсарта түседі екен. Олай болса, гүл түстеріне тоқталсақ…

Сары түс. Зат алмасу қызметін жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, иммунитет күшін көтереді. Сары түсті гүлдерді жұқпа ауруларымен науқастанып жатқандарға немесе уайым шегіп жүргендерге берген жөн.

Қызыл түс. Мидың психикалық белсенділігін арттырады. Қандағы адреналинді көтеріп, адамға күш-қуат береді. Осы түстің әсер етуімен ағзадағы жыныс гормондарының концентрациясы көбейеді. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Егер климаттық өзгерістерге ағзаңыз төзе алмаса бөлмеге қызыл түсті гүлдер қойыңыз, атмосфералық өзгерістерді жеңуге көмегі зор.

Жасыл түс. Ойлау қабілетін жақ­сартады. Теріс энергияны қуып, адам­дағы қорқынышты басады. Бөлме ішінде жасыл түсті бөлме өсімдіктері көп болса, ми ашымай, кез келген нәрсеге мән беріп, сергек жүресіз.

Сон­дықтан жасыл түс­ті бөлме өсім­діктерін кеңсеге қойған жөн. Ол сіз­ді ашудан сақтап, зейінді етеді.

Көк түс. Түн мен тыныштықтың түсі. Көк және ашық көк түсті гүлдер миға тыныштық сыйлап, ұйқының жайлы әрі жақсы болуына әсер етеді.

Ақ түс. Тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Мұндай түсті гүлдерді жаны таза адамдар ұнатады. Ақ түсті гүлдерді шығынға ұшыраған адамға немесе созылмалы аурудан айыға алмай зардап шегіп жүрген науқасқа сыйлаңыз.

– Гүлдің иісінде де осындай ерекшелік бар. Түстерінен бөлек, олардың иістері де адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ағзаның өмір сүру қабілетін жақсартады. Жалбыздың иісі қан тамырларын кеңейтіп, ар­териялық қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды. Жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек шаншуын басады. Бас ауруын қойдыртады. Шаршауды басып, тән мен жанға қуат береді. Тәбетті арттырып, ас қорытуды жақсартып, жүрек айнуын басады. Ал түймедақ өзінің жұмсақ иісімен жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жақсар­тады, – деді гүл өсіруші Алуа. Де­мек гүл таңдар кезде осыған мән берсеңіз артық болмас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: