Сейсенбі, 23 маусым, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде

23.06.2026

39 0

Фото: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары мен Шымкент қаласы (5%) бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: