Бейсенбі, 09 мамыр, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сербияда қаза тапқан майдангерлердің туыстары іздестірілуде

24.10.2023

429 0

«Атамның аманаты» ҚБ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа аумағында қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау жөнінде бірқатар жұмыстар атқаруда. 

Жақында 1944-1945 жылдары Сербия жерінде опат болған отандастарымыздың есімдері белгілі болды. Ұзын-саны Қазақстанның әр түкпірінен шақырылған 198 жауынгер. Олардың барлығы негізінен соғыстың соңғы жылдары ұрыс даласында немесе жарақаттан госпитальдарда көз жұмғандар.

«Бұған дейін Норвегия, Нидерланды, Венгрия және басқа да елдердің топырағы бұйырған қазақстандықтардың аты-жөндерін анықтаған едік. Қазір олардың Қазақстанда қалған ұрпақтары мен туған-туыстарын іздестіруді бастап кеттік. Бұдан бөлек кезінде кескілескен ұрыстар жүрген майдан даласындағы қазба жұмыстары барысында табылған 16 майдангердің сүйектерін елге жеткізіп, әскери құрметпен жер қойнына тапсырдық. Қазіргі таңда Ресейден тағы да 12 отандасымыздың мәйітін туған топыраққа жеткізіп, жерлеуді қамында жүрміз. Біздің қоғамдық ұйымның миссиясын «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген бір ауыз сөзге сыйғызуға болады»,- дейді  «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.


Сербияда қаза тапқан қызылордалықтар  

1Бикбасимов Комоз 1908 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская область, Аральский райно, с.Комбаш 29.09.1944
2Кушкумбаев Бийман (Баим)1906 жылы туғанКазахская ССР, Кызыл-Ординская обл., Казалинский район, ст.Казалинская, ул. Энгельса, 98 29 (30).09.1944
3Бикбаминов Колмзязь 1908 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Аральский район, с. КомбашҚызылорда облысы28.09.1944
4Гульманов Рашит Злангирович 1922 жылы туған Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Казалинский р-н, г. КазалинскҚызылорда облысы17.10.1944
5Кучеров Федор Матвеевич 1900 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Яны-Курганский район, с. ЧилиҚызылорда облысы16.10.1944
6Мететбаев Машрап 1923 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Терень-Узякский районҚызылорда облысы15.10.1944
7Манарбаев Жаксыбек 1920 жылы туғанКазахская ССР, Сырдарьинская обл., Кзыл-Ординский район,                          г. Кзыл-Орда, ул.Некрасова 38Қызылорда облысыумер от ран 06.12.1944
8Алдамжаров Ускумбай 1914 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская обл.,                                          ст. Каземирская, ул. Ванита 37Қызылорда облысы15.11.1944
9Саранга (Саранча) Владимир Федорович 1920 жылы туғанКазахская ССР, г.Кзыл-Орда,                                         ст. Пролетарская 36Қызылорда облысы10.04.1945
10Коянаков (Коснаков) Кемал 1923 жылы туғанКазахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Казалинский район, Ленинский с/са, № 17, к/з МуратоваҚызылорда облысыумер от ран 13.04.1945

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: