Жексенбі, 28 сәуiр, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023

508 0

Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ratel басылымының мәліметінше 9:28-де Болат Назарбаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады. 

Ақпаратты растау үшін Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханаға хабарласып көрдік. Аурухананың баспасөз қызметі Болат Назарбаевтың туыстары бұл туралы мәлімет бермеуді тапсырған. Ал экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қоңырауға жауап бермеді. 

Еске салайық, бұған дейін экс-президенттің інісі ауыр жағдайды ауруханаға түскені туралы хабарлаған едік. Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: