Сенбі, 21 желтоқсан, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат паранжа киіп, сақалын жалбыратып жүргендерге заңмен тыйым салуды ұсынды

04.10.2023

808 0

Фото: mazhilis_kz / видеодан скриншот 

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Аманжол Әлтай жат ағымды ұстанып, қазақты намаз оқитын, оқымайтын деп бөлетіндерге заңмен тыйым салатын кез келгенін айтты.

Депутат қоғамда ұлттық салт-дәстүрді теріске шығарып, ақпараттық шабуыл жасаушылар көбейіп кеткендігін айтты. 

«Өткенде ғана «AMANAT» партиясымен қасиетті домбырамыз бен қастерлі ұлттық құндылықтарымызды діни фанатизмнің жолына бермейтінімізді айттық. Біз Парламенттегі ең ірі Фракция ретінде де, ұлтты бөлетін, арамызға жік салатын қозғалыстарды да жөнге келтіре алатынымыз анық. Елді ушықтыруға жол бермейміз. Дүрбелеңі көп, бүгінгі аласапыран қоғамда ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбейіп барады», – деді ол.

Аманжол Әлтай  жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдардың қатары күн санап артып жатыр деген дерек келтірді. 

«Бұл тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызға төнген қауіп. Қасиетті домбырамыздан бастап, шашу, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп бас тартуға уағыздау – ұлттың тамырына балта шабудың қауіпті көрінісі. Тіпті ұлыстың ұлы күні саналатын «Наурыз» мейрамын да қаралаушылар көбейіп барады. Күнделікті көшеде, қоғамдық орындарда қара жамылып, паранжамен бетін тұмшалап алған қаршадай қыздарымызды, сақалының ұшына қайшы тигізбей жалбыратып, балағын кесіп шолтитып, екі көзі қанталап келе жатқан ұлдарымызды көргенде қабырғаң қайысып, көңілің құлазиды», – деді депутат өз баяндамасында.

Ол соқыр сенімнің, білімсіздіктің, діни фанатизмнің, радикалды ағымның кесірінен Сирияға кетіп, қыршынынан қиылған, құнсыз мишеньге айналып оққа ұшқан ұлдардың тағдыры, содырлардың қолжаулығына айналып, апта сайын талақ болып абыройынан айырылған қазақ қыздарының тағдыры бүгінгі қоғамға сабақ болуы керегін айтты.

«Бірақ біз сабақ алмадық. Қазір қазақты намаз оқитын қазақ, оқымайтын қазақ, мешітке баратын қазақ, бармайтын қазақ, хиджаб киетін қазақ, кимейтін қазақ деп бөліп жардық. Бұған себеп мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат ағымдардың тайраңдауына жол берілді. Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия алмай келеміз. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз келді. Еліміздің өнер, спорт, ғылым, білім саласындағы есімі елге мәлім тұлғаларымыз, шығармашылық өкілдеріміз дін мәселесіне өте сергек, асқан жауапкершілікпен қарамасақ, бізге қарап бой түзеп келе жатқан мыңдаған жастарымызды адастырамыз», –  деді Әлтай.

Депутат атағандай, бүгіннің өзінде спорт түрлерінде тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері бар.

«Дінді жамылып алып, спортшылардың өміріне өз салттарын кіргізіп әлек… Дәстүрге суарылмаған, білімге бағытталмаған дін – ақымақтың қолына ұстатқан қару секілді. Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды», –  деді ол.

Ақпарат көзі:Stan.kz 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: