Жұма, 03 мамыр, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Иттің аяғына арматура қадап кеткен

18.05.2023

654 0

Атырауда белгісіз біреулер иттің аяғына арматура қадап кеткен. Кинолог Мамучар Карловичтің сөзінше, ит көп қан жоғалтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде жарияланған видеодан итке темір арматураның қадалып тұрғанын көруге болады. 

«Хабарлама алған соң бірден оқиға орнына бардым, себебі кешіксек қан жоғалту салдарынан жануар өліп қалуы мүмкін. Келген соң арматураның жерге қадалып тұрғанын көрдік, ал итті арматураға жаншып тастаған», – деді кинолог. 

Сондай-ақ тексеру кезінде итте ашық сан жарақаты бар екені анықталған. Салдарынан еті, сіңірлер мен сүйегі зақымдалыпты. 

«Байқұс көп қан жоғалтқан. Қатты әлсіреп қалыпты. Жараны өңдеп, дәрі салдық. Қазір ояу, демалып жатыр», – деп қосты ол. 

Кинолог итті азаптағандар тезірек табылса дейді. Себебі мұндай адамдар қоғамға қауіпті деген пікірде. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: