Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов рөлі оң жақта орналасқан көлік жүргізушілеріне жүруге тыйым салыну мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– Оның бәрін қайда жібереді сонда? – деп депутат қарсы сұрақ қойды. – Байғұс кедей-кепшікке көлік әпереміз бе, ол мәселені қалай шешеді? Біз айта береміз, оның шешілуі қайда? Біреу емес, бәленбай көлік… Дұрыс емес! Алдымен олардың жағдайын шешіп берейік…
Сондай-ақ депутаттан «Жаз бойы мектептерге жөндеу жүргізілді ғой. Тексердіңіз бе? Қандай да бір құқықбұзушылық анықталды ма?» деп сұрады тілшілердің бірі.
Көп болды. Мен нақты тізімін бердім. Өзіме түскен шағымдарды министрлікке апарып бердім…
«Министрлер сіздерді қаншалықты тыңдап жатыр?» – деді тілші
Тыңдайтын үкімет көріп отырған жоқпын. Айтқанын керісінше істейді. Бір жылдан астам бойы «жарайды, жарайды» деп көңілге қарағанымыз дұрыс болмаған шығар, тыңдата алмай отырған айыбымыз бар шығар, – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!