Бейсенбі, 02 мамыр, 10:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Назарбаевты қорғау міндеті алынады

13.11.2023

346 0

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауапкершілігінен алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Енді ҰҚК Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

«Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін», – делінген Тоқаевтың жарлығының жобасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге функцияларын жетілдіру, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің ант беру мәтініне және оны қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттерінен алып тастап, тек президенттің қауіпсіздігін қалдыру жоспарланған.



«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы» 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен күші жойылды.

Еске салсақ,  биыл жыл басында сенат спикері Мәулен Әшімбаев Назарбаевқа берілген «Құрметті сенатор» атағын алып тастағанын мәлімдеді.  

Ал қазан айында Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев атында болған Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілген еді.

Сондай-ақ биыл қазанда Назарбаев Ұлттық қорды басқару кеңесінің құрамынан шығарылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: