Сәрсенбі, 13 қараша, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Жылу маусымына көмір қоры жеткілікті ма?

18.11.2023

527 0

Жылу маусымында көмір отынының тапшылығын болдырмау мақсатында қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, қала әкімі Асылбек Шаменов көмір қоймасында болып, көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкермен кездесті.

Жылу маусымында тұрғындарды қатты отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында тамыз айында қала әкімдігімен көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер «KHAS COM» және «Қарымсақов» арасында меморандум жасалынды.

Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 85 000 тоннаны құрайды. Алайда, қала аумағындағы көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер бұл мөлшерді артығымен, яғни жылу беру маусымы кезеңінде барлығы 90 000 тонна көмір әкелуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта, «KHAS COM» жеке кәсіпкерлігінде 115 вагон, яғни 7 935 тонна «Шұбаркөл» көмірінің қоры бар. Ал, «Қарымсақов» жеке кәсіпкерінде 345 тонна көмір қоры бар.

Асылбек Өмірбекұлы халықты көмірмен қамту шараларын уақытылы қабылдап, қысқы маусымда қажетті көмір қорын жинақтауды ойдағыдай өткізуді және бағалардың өсуіне жол берілмеуін қатаң тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: