Сенбі, 27 сәуiр, 03:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Экономикалық қуат – қоғам дамуының тетігі

04.10.2021

583 0

Әлемдік тәжірибеде, расында да, ел экономикасын жаңа белестерге көтерудің бір жолы – бизнесті дамыту, алға өрлету екені белгілі. Бизнесі дамыған ел – экономикалық қуатты мемлекет. Әлеуетті, зайырлы 30 елдің қатарына ену үшін біз бизнесті дамытуымыз керек. Біздің Елбасы дәл қажет кезеңде осындай күрделі әрі батыл қадамдарға барды.

Қай сала болмасын қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлікпен біте қайнасып жатыр. Қазір облыстағы кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қолдау зор. Қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып отыр. Партия маңызды міндеттерді шешу жолында қызмет етеді. Бұл тәуелсіздік және ұлттық мүдделер, нарықтық реформалар және жеке кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ биліктің шынайылылығы және қоғам алдындағы есептілігі. 

«Nur Otan» партиясы бағдарламасының «Қуатты Қазақстан бағытында» біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз делінген. Болашақтағы Қазақстан құқықты, экономикасы қуатты білімді әрі әлеуметтік-мәдени қоғам ретінде қалыптасқан мемлекет деп есептейміз.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: