Бейсенбі, 28 наурыз, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жас спортшылар жүлделі оралды

10.05.2023

572 0

7-9 мамыр аралығында Қостанай облысында  2007 жылы туған және одан кіші жігіттер арасында Ұлттық спорт түрі жекпе-жектен жеңіс күніне арналған Қостанай Чемпионаты өтті.

Спорттық жарысқа еліміздің әр аймағынан 11 команда қатысты. Аталған додада Қызылорда қаласындағы Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша спорт клубының 11 жас спортшысы бақ сынады. Атап айтсақ, Серғали Әлімжан, Мергентай Әли, Жолдас Ерсұлтан, Ақмырза Мәулен, Ермекұлы Нүрсейіт, Ырысбек Жоламан, Ержанұлы Диас, Іскендіров Құрмет, Аябек Наурызбай, Серік Исламбек, Амангелді Рауан. Бұл жарыста спортшылар 2 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдені қанжығаға байлады.

Жаттықтырушысы – Нұрсұлтан Мырзағали. Ал, команда арасында Қызылорда облысы 2 орынды иеленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: