Бейсенбі, 20 маусым, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Түнде аяқ тартылудың себебі не?

15.11.2022

1326 0

Түнде ұйықтап жатып, аяқ тартылатын, содан оянып кететін сәттер болады. Кейбірінде жиі болуы мүмкін. Түнде аяқ тартылғаны қорқынышты, әрине. Бірақ оның себебін біліп жүрсеңіз, аса бір қорқынышты бола қоймас.
Оның себебі мынада. Медицина оны былай деп түсіндіреді. Адамның ағзасында магний минералы азайып кетсе, бұлшықет жиі тартылатын көрінеді. Әсіресе, балтыр мен жамбас жақтағы бұлшықеттер тартылады. Магний – бұлшықеттің жиырылып-тартылуын жақсартатын минерал. Ол азайып кетсе, бұлшықеттің бұл қызметі бұзылады да, шырт қималдап, содан аяқ тартылып қалады.
Ағзада магний аз болса, кальций мен калий де азайып кетеді. Бұлар жетіспеген соң, бұлшықет әлсіз болады. Құрысып қалу жиіледі.
Адам ағзасы қартайған сайын тағамнан магнийді сіңіріп ала қалмай қиналады. Магнийдің ағзада азайып кетуіне бұл да бір себеп.
Магнийдің азайып кетуіне шылым шегу, ішімдік ішу де себеп болмақ. Ағзада Д дәрумені азайса да жақсы емес. Ол да магнийдің азаюына әкелетін көрінеді.  
Екінші бір себебі – адам күні бойы тік тұрса не қатып бір орында отырса, бұл да бұлшықеттің қызметін бұзатын көрінеді.
Мамандардың айтуынша, ересек адамның 60 пайызында осы аяқ тартылу болады екен. Яғни, ересектердің жартысынан көбінде.
Егер аяқ тартылу жиілесе, неврологқа қаралған абзал.
massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: