Жұма, 19 сәуiр, 08:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Ардагерлерді ардақтайық» атты І облыстық форум өтті

13.11.2022

577 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты І облыстық форум өтті.

Жиында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, марапат биігінен көрінді.

  • Халқымыз қашанда үлгі мен өнегенің сарқылмас бұлағындай, ой – парасаты биік аға буын өкілдерін құрмет тұтқан. Қай кезде де ауқымды жұмысты үлкеннің ақ батасымен бастап, ақыл-кеңесін тыңдаған. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деп, үлкеннің сөзін берекенің бастауы санаған. Сындарлы сәтте шыңдалған, өмірлік тәжірибесі мол,  тағылымды жол көрсетер ардагерлер – біздің рухани құндылығымыз, шынайы жанашырларымыз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.  

Шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагер ұстаздар университеттің 85 жылдық тарихында мыңдаған шәкірт тәрбиелеуге, білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқанын жеткізді.

Ал, университеттің даму жолында өзіндік із қалыптастырып, қажырлы еңбек еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университеттің құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов оқу орнының қазіргі даму деңгейіне тоқталып, осы жетістіктердің барлығы профессор-оқытушылардың өлшеусіз еңбегі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева пікір білдірді.

Университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенұлы білім ордасының дамуына еңбек сіңіріп, ұзақ жылдар қызмет еткен әріптестер еңбегіне тоқталды.

Форумда бірқатар аға буын өкілдері университеттің «Үздік оқытушы» медалімен, ректордың «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенұлы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» республикалық ұйым төрағасының медалімен және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы марапаты – Орталық кеңесі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиевке, «Физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Пажарбек Сапарходжаевқа, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаровқа облыстың «Құрметті ардагері» медалі табысталды.

Ал, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының ардагері Зинаида Сексенбаев облыстың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Айта кету керек, форумда «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Сыр сұлуы» вокальды ансамблі өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Форум соңында ардагерлер университеттің «Open spaсе» заманауи үлгідегі кітапханасымен танысты.


      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: