Жұма, 26 сәуiр, 02:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Білім сапасы білікті ұстаздың қолында

10.05.2023

574 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінің ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді. Кеңесте бөлім басшысы мұғалімдердің сағат бөлінісін дұрыс бөлу, оқушыларға жайлы жағдай жасау, мектеп бітіру кешіне ақша жиналмау керегін қатаң ескертті. Сонымен қатар, оқушылардың білімді, өнерлі болуы білікті ұстаздың қолында екенін жеткізді.

Жиында мектеп директоры Асылхан Әміржанұлы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 914 оқушы білім алуда. Мұғалімдердің біліктілік санаты бойынша педагог-зерттеуші-38, педагог-сарапшы-30, педагог-модератор-31, 1-санат-1 мұғалім оқушыларға білім беруде.

«Елбасы медалі» жобасының күміс медалін Тілеуберген Еркебұлан иеленді. Кеңес Одағының Батыры Т.Бигельдиновтің 100 жылдығына орай алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген қалалық және облыстық сайыста АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау бойынша жүлделі І орын Жұмахметов Сейітқасым марапатталды.

«Әуезовтану»олимпиадасының қалалық кезеңінен 9-сынып оқушысы ІІІ орын иеленді. Республикалық турнирден №6 орта мектеп оқушысы Сәулетбай Айлана, Каратэ-до шотокан спорт түрінен жүлделі І орын иеленді. Жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында 6 оқушы жүлделі орынға ие болды. Ал, 9-11 сынып оқушылар арасында 10 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінде оқушылар жүлделі орындарға қол жеткізді, – мектеп директоры.

Жиында Ерлан Теңізбайұлы мұғалімдер еңбек демалысына жаңа оқу жылындағы сағатынан хабардар болып кету керектігін де назардан тыс қалдырмады. Бөлім басшысына мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: