Сенбі, 04 мамыр, 09:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бір мектептің 17 оқушысы – жеңімпаз, 9 оқушы –  «Алғыс хат» иесі

28.11.2022

1194 0

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Жас ғалымдардың білім бәсекесінде Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 17 оқушысы үздіктер қатарынан көрініп, 9 оқушы «Алғыс хат» иеленді.

Атап айтқанда, 9 сынып оқушысы Аззахир Бақтиярұлы Есенгелді «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» бағытында, 10 сынып оқушысы  Ердаулет Нұрланұлы Тобаш «Математика» бағытында облыстық кезеңде жүлделі І орын иеленді.

Ал 9 сынып оқушысы Балерке Нақыпбекова мен 10 сынып оқушысы Нұрмұхаммед Айдарұлы Сұлтанбеков «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» бағытында, 11 сынып  оқушысы Даулетхан Жаннұрұлы Отарбаев «Физика» бағытында жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Сонымен қатар, 9 сынып оқушысы Төртқара Ақерке «Тарих» бағытында, 9 сынып оқушысы Мерей Сапарбекқызы Әнуарбекова «Ағылшын тілінен», 9 сынып оқушысы Асылтас Бекболатқызы Шөментай «Информатика» бағытында, 9 сынып оқушысы Алишер Бақытбекұлы Қыдырбек «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» тақырыбында, 10 сынып оқушысы Еркежан Нұржанқызы Жұмабек «Биология» секциясында, 10 сынып оқушысы Нұржан Доспол «Математика» пәнінен, 10 сынып оқушылары Рафия Бахтиярқызы Данилова, Даниял Маратұлы Меңлаяқ «Ағылшын тілінен», 10 сынып оқушысы Азамат Бахытбекұлы Абенов «Информатика» бағытында, 10 сынып оқушысы Лаура Бауыржанқызы Абдрахман «Биология» пәні бойынша, 11 сынып оқушысы Сая Бақытқызы Теңізбай «Химия» пәні аясында, 11 сынып оқушысы Қарақат Рақымжанқызы Ерімхан «Ағылшын тілінен», 11 сынып оқушысы Малика Шархан «Биология» пәні бойынша ғылыми жоба қорғап, жүлделі ІІІ орынға лайықты деп танылды.

Ғылыми жоба қорғаудың облыстық кезеңінде 9 сынып оқушысы Кәусар Тынымбай «Биология», 9 сынып оқушысы Айана Якутбек «Қазақ тілі» 9 сынып оқушысы Еркебұлан Амангелдіұлы Иманов «Физика», 9 сынып оқушысы Фархат Шуақбаев «Информатика», 9 сынып оқушысы Санжар Қонысбекұлы Садықбек «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау», 9 сынып оқушысы Саламат Мейрамбекұлы Талғатбек «Химия», 9 сынып оқушысы Азиза Айтуғанқызы Алпысбай «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау», 10 сынып оқушысы Ботакөз Салматова «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау», 10 сынып оқушысы Жансая Бауыржанқызы Серік «Химия» бағытында жоба қорғап, «Алғыс хат» иеленді.

– Білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз. Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерге қолдау көрсетудің арқасында 26 оқушымыз жеңіспен оралды. «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Шәкірттің әрбір жетістігінің артында ұстаздың орасан зор еңбегі жатыр. Мектеп ұстаздары мен оқушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын», – дейді Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің директоры Айгүл Алтынбекқызы Өткелбаева.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: