Сейсенбі, 23 сәуiр, 18:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бөлім басшысы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей ұжымымен кездесті

11.05.2023

1083 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы және қалалық білім бөлімінің мамандары Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей ұжымымен кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізді.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 94 сынып комплектісі бойынша ІІІ ауысымда 2307 оқушы білім алуда. Бүгінде мұнда 89 зерттеуші, 57 сарапшы, 51 модератор мұғалім оқушыларға білім беруде.

Жиында мектеп директоры Айгүл Алтынбекқызы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары туралы баяндама жасады.

Мектеп-лицейдің жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, облыстық олимпиададағы жетістіктері мен ғылыми жобалар байқауларындағы толағай табыстары, оқушылар мен ұстаздардың шығармашылық жетістіктері туралы, Республика, Халықаралық деңгейде мектеп абыройын асқақтатып жүрген шәкірттері туралы сөз етілді.

Сонымен қатар, педагогикалық кеңесте 2023-2024 оқу жылына арналған мұғалімдердің болжамды сағат жүктемесі мәселесі де талқыланды.

Бүгінде Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде салынған 375 орындық бастауыш сыныпқа арналған құрылыс та аяқталуға жақын. Нәтижесінде оқушы тығыздығы, мектеп тарлығынан болған қиындық та шешімін тауып, жаңа, заманауи ғимаратқа кіргелі отыр. Бұл өз кезегінде сынып жетіспеушілік мәселесін шешетін болады.

Ерлан Теңізбайұлының ұжымға барып, жұмыс барысымен, оқу ағынымен танысып, ашықтық пен жариялылықта кері байланыс орнатқаны алдағы уакытта да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын ынтымақты ұжымның іргелі істері арқылы алғы шептен көрінуіне үлкен серпін бермек.

Сонымен қатар жиында мұғалімдердің сағат жүктемесі мәселесі талқыланды. Бөлім басшысы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: