Бейсенбі, 02 мамыр, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқушыларына «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды

05.09.2023

318 0

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері және әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты А.Сахыпов, әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты С.Асанов Қызылорда қаласындағы М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына «Есірткісіз болашақ» тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті.

«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын»,-деді полиция лейтенанты А.Сахыпов

Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Әкімшілік полиция қызметкерлері тарапынан 27-ші тамыз және 5-ші қыркүйек аралығындағы «Назар аудар балалар» жедел профилактикалық іс шарасы аясында темір жол бойындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және оқушы балалардың темір жолдағы қоғамдық көліктерде өз бетімен жүрмеулерін қатаң ескерте отырып, жалпы Қазақстан көлік полициясы жолға шыққан әрбір азаматтың мейлі ол поезда, ұшақта болсын тағдырына, қауіпсіздігіне жауап береді және қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді мақсат екендігін түсіндірді

Кездесу соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: