Сейсенбі, 19 наурыз, 08:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Мұғалім құрметке бөленген күн

04.10.2022

1172 0

Қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні.

Бұл күн – ұстаздар қауымы үшін ерекше күн. Ерекше мейрам. Яғни ұстаз еңбегінің еленетін шағы.

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұстаз­дарды төл мерекесімен құттықтап, аймақ дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

– Біз әрдайым Отанымыздың адал әрі абзал азаматтарын, шынайы патриоттарын тәрбиелейтін, Әділетті Қазақстанның жаңа буынын білім бәйгесіне қосатын ұстаздар қауымын ерекше қадірлейміз.

Сәт сайын жаңарып, беталысы күн­де өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермейтін құндылықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Бұл қос құндылық­ты да ұштастыра білген ұстаздардың қоғам ал­дындағы орны ерек, мәртебесі мерейлі! Мұғалімдерді әлеуметтік көтермелеу мәсе­лесін назардан тыс қалдырмаймыз. Ел Президенті халықаралық пән олимпиа­даларының жеңімпаздарына бір реттік қар­жылай сыйақы тағайындады. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырды.

Біз де өз тарапымыздан дарынды бала­ларды қолдау саясатын лайықты деңгейде жалғастыратын боламыз. Оқушы жүрегіне ізгілік дәнін сепкен ұлағатты, парасатты жандарды құттықтау – азаматтық және шәкірттік парызымыз, – деді облыс әкімі.

Мерекелік кеште алғаш рет саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаздар Төлепберген Қасымов пен Марк Подольскийге облыстың «Құрметті азаматы» атағы табысталды. Енді бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналмақ.

Мерекелік шарада облыс әкімі жыл қорытындысы бойынша еңбегімен көзге түсіп, шәкіртімен білім бәсекесінде топ жар­ған 10 ұстазға 900 мың теңгенің қаржылай сертификаты табысталатынын жеткізді.

Ұстаздар қауымының ерен еңбегі қа­шанда өлшеусіз. Соның дәлелі ретінде Сыр елінің үлгілі ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімінің атынан марапат табысталды. Сондай-ақ облыс педагогтарына «Ыбырай Алтынсарин» төс­белгісі, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы, «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісі» мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші бойынша республика көлемінде «Үздік 100 мектеп» қатарына енген және үздік білім беру ұйымдарының педагогтарына ноутбук сыйға берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: