Жұма, 03 мамыр, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қалалық білім бөлімінің басшысы ұжыммен кездесті

25.04.2023

563 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы Абай атындағы дарынды балаларға арналған үштілді сыныбы бар мамандандырылған мектеп ұжымымен кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізді.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 158 сынып комплектісі бойынша ІІ-ауысымда 4236 оқушы білім алуда. Бүгінде мұнда 1 Педагог-шебер, 81 зерттеуші, 110 сарапшы, 147 модератор және ІІ санатты 1 мұғалім оқушыларға білім беруде. Жиында мектеп директоры Жанат Мылтықбайқызы өткен жылы атқарылған жұмыстармен мектептің даму жоспары туралы баяндама жасады.

– 2022 – 2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арасында Республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңіне 37 оқушы қатысты, соның ішінде І орын – 4 оқушы, ІІ орын – 8 оқушы, ІІІ орын – 9 оқушы және 4 оқушы Алғыспен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, 2 оқушы –ІІІ орын алып келді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық зерттеу жобалар конкурсына 27 оқушы қатысты, соның ішінде І орын – 2 оқушы, ІІ орын – 5 оқушы, ІІІ орын – 7 оқушы және 13 оқушы Алғыспен марапатталды және 2 оқушы Республикалық кезеңнен ІІІорын алып келді.

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық байқауына 67 оқушы қатысты. Соның ішінде І орын – 1 оқушы, ІІ орын – 12 оқушы, ІІІ орын – 13 оқушы және 9 оқушы Алғыспен марапатталды. Сонымен қатар, бір оқушымыз облыстық кезеңінен І орын алып, Республикалық кезеңнен ІІ орынды иеленіп келді.

7-8 сынып оқушыларына арасында Республикалық Юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңіне 14 оқушы катысты, соның ішінде І орын – 2 оқушы, ІІ орын – 6 оқушы, ІІІ орын – 4 оқушы иеленді және облыстық кезеңге 2 оқушы барады, – деді мектеп директоры.

Сонымен қатар, педагогикалық кеңесте мұғалімдердің сағат жүктемесі мәселесі де талқыланды. Ерлан Теңізбайұлы ұстаздармен кері байланыс жасап, сауалдарына жауап берді. Бүгінде Абай атындағы дарынды балаларға арналған үштілді сыныбы бар мамандандырылған мектепке қосымша 550 орындық бастауыш сыныпқа арналған қосымша құрылыс аяқталуға жақын. Бұл өз кезегінде сынып жетіспеушілік мәселесін шешетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: