Жұма, 03 мамыр, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қаланың бас ұстазы С.Толыбеков атындағы #3 ІТ мектеп-лицей ұжымымен кездесті

27.04.2023

677 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы С.Толыбеков атындағы #3 ІТ мектеп-лицей ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді. Жиынның басты мақсаты үш ауысым үш ауысымды мектеп мәселесін жою.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 3 ауысымда 67 сынып кешенімен 1991 оқушы білім алуда. Мектеп құрамында барлығы 185 мұғалім, соның 168-і қазіргі таңда сабақ беретін сағатпен қамтылған. Педагог қызметкерлердің санаттары бойынша Педагог-шебер – 1; Педагог-зерттеуші – 60; Педагог-сарапшы-50; Педагог-модератор – 25; Педагог – 43. Жоғары санатты – 1 мұғалім; І санатты – 1 мұғалім; ІІ санатты – 5 мұғалім.

Педагогикалық кеңесте мектеп директоры Ляззат Утегенқызы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада бойынша 2022-2023 оқу жылында 22 оқушы жүлделі орынға ие болып, қала мектептері арасында «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген. 5-6 сыныптардан қатысқан барлық 14 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде 11 оқушы жүлдегер атанса, екі жыл қатарынан ғылыми жоба конкурсының республикалық кезеңінде екі оқушы (физика -2022 жыл және информатика-2023 пәндері бойынша ІІІ орынды) иеленуі осы бағыттағы жұмыстың жүйелі, нәтижелі екенін көрсетеді. Биылғы оқу жылында информатика секциясы бойынша Әнуарбек Димаш республикалық ғылыми жоба конкурсында ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар,әр түрлі конкурстар мен байқаулардың республикалық кезеңінде былтырғы оқу жылында 6 оқушы жеңімпаз атанса, биылғы оқу жылында 2 оқушы жеңімпаз атанды. Атап өтетін болсақ, «Мен репортермін» республикалық байқауында 8 В сынып оқушысы Оңалова Жансая І орынды иеленсе, “Буктрейлер” республикалық байқауынан 10 В сынып оқушысы Жұматай Азат І орынды иеленді.«КазРобоспорт-2022» байқауының облыстық кезеңінде 8 сынып оқушылары Файзуллин Арман, Жалғас Мансұр І орынды, «Хакатон» ІТ идеялар байқауында да мұғалімдер мен оқушылар қатысып,ІІ орын және 300 мың теңге сыйақы жеңіп алды.

Халықаралық «ФЛЕКС» конкурсына қатысып,Министрліктің қолдауымен Қазақстанда білім алмасу бағларламасы бойынша 10 сынып окушысы Балғабаева Аянат АҚШ-та 1 жыл тегін білім алу грантына ие болды.

Және де 11 сынып оқушысы Есенбаева Жанель Халықаралық Әл-Фараби олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп,Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 100 пайыздық грантын жеңіп алды.

11 сынып оқушылары Орынбай Дінмұхаммед және Алданазар Ақерке Қазақстан инженерлік университеті ұйымдастырған ағылшын тілі мен география пәні бойынша пәндік олимпиадаға қатысып, Димаш 100 пайыздық грант иеленсе, Ақерке 30 пайыздық грантты иеленді.

Ұстаздардың да осы оқу жылында алған жетістіктері біршама. Қала дегейінде 15 мұғалім, облыстық деңгейде 10 мұғалім жүлдегер атанды. «Гуманитарлық бағыттағы үздік бірлестік жетекшісі -2022» конкурсында Байманова Анар Манасовна облыстық деңгейде І орын,Пирмаганбетова Асел Шаймағанбетқызы «Мектеп парламенті»байқауының облыстық деңгейде І орын,”Өрлеу” БАҰО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсынан 4 мұғалім облыстық деңгейде,ал 2 мұғалім республикалық деңгейде жүлдегер атанды. 2 мұғалім “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мнажев Берік пен Ердібек Маржан АҚШ-та тегін білім алуда.

Сонымен қатар жиында мұғалімдердің сағат жүктемесі мәселесі талқыланды. Ерлан Теңізбайұлы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

С.Толыбеков атындағы 3 ІТ мектеп-лицейіне қосымша 375 орындық бастауыш сыныпқа арналған қосымша құрылыс жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: