Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мектептерінде төрт пәннің оқу сағаттары ұлғайтылады

04.09.2022

813 0

ҚР үкіметінің 3 қыркүйек күні өткен отырысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында атқарылатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Министр Тоқаевтың жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне және тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырғанын еске салды.

“Математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары көбейеді. Оқу бағдарламалары жаңарады. 2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту және қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады”, –  деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру және жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.

“Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда бір мұғалімге 25 баладан келеді. Орташа жалақы 147 мың теңгені құрайды. Бұл елдегі орташа жалақыдан төмен. Кезекте тұрған балалар санынан есептейтін болсақ, онда екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 88 пайызды, үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 98 пайызды ал балалардың жалпы санының 57,68 пайыз құрайды. Сондықтан, президенттің тапсырмасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізіліп, олардың жалақысы көтеріледі», – деп қосты министр.



Бұдан бөлек Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру міндетін қойған. Министр ұлттық жоба аясында 800 мыңнан астам оқушы орны енгізіліп, үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешілетінін жеткізді. 

“Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен толық қамтамасыз етіледі. Жаңа мектептерде оқу орындары кеңірек болады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін де бөлек блоктар қарастырылған. Сәйкесінше, оларға жекe спорт залдары мен асханалар беріледі. Келер жылы мектептердің құрылысы бұрын болмаған көлемде басталады. Мәселен, келесі жылы бір ғана елордамызда осы жоба аясында әрқайсысы 2000 оқушыға есептелген 20 жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан осал отбасыларда тұратын балалар мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ балаларды оқытуға бюджеттен бөлінген қаражатты жинақталатын білім шоты енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: