Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы өседі

16.03.2023

1001 0

Қазақстанда мектеп директорларының еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын арттыру шарасы аяқталады. Алдағы уақытта мектеп басшылығындағы лауазым иелерінің айлығы өспек.

«Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25 пайыз көтеріліп отырды. Биыл тағы 25 пайыз артып, екі есе көтеру толығымен аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз, бұл оңай шаруа емес. Бүкіл оң-теріс тұстарын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз. Өйткені осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ғани Бейсембаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: