Жұма, 26 сәуiр, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Стартаперлерге университет гранты табысталды

31.05.2023

887 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған «Startup Talapker» жобалар байқауы өз мәресіне жетті.

Startup Talapker кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, инновациялық және өңірлік маңызы бар стартап жобаларды қолдау мақсатында  өткізілді. Сайысқа мектеп және колледж бітіруші талапкерлер қатысты.

Байқаудың мақсаты − потенциалы жоғары стартап жобаларды инкубациялық кезеңге алып, инвестиция тарту, түлектер арасында кәсіпкерлікті насихаттау, мектептердегі бизнес-инкубаторлардың жұмысын жандандыру.

Сәуір айында басталған байқаудың алғашқы кезеңінде 50-ге жуық команда қатысуға өтінім берген. Ал келесі кезеңге үздік деп танылған 26 команда жолдама алды. Нәтижесінде жартылай финалда 12 команда іріктеліп, финалдық кезеңде 12 жоба қорғалды.

Байқаудың марапаттау рәсіміне университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры  Бейбіткүл Кәрімова қатысты.

 Университеттің ұйымдастыруымен алғаш рет мектеп және колледж түлектері арасында Startup Talapker байқауы ұйымдастырылды. Бұл – жастардың кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, потенциалы жоғары стартап жобаларға қолдау көрсету мақсатындағы сайыс. Финалдық кезеңде үздік деп танылған 12 команда өз жобаларын қорғады. Олардың қатарында суды үнемді пайдалану, электр энергия тапшылығын жасыл энергия көмегімен шешу, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жұмыстар бар. Сіздердің креативті идеяларыңыздың нәтижесінде инновациялық және өңірлік маңызы бар жобалар жарыққа шығады деген сенімдеміз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Сайыста Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің жетекшісі Сәбит Ибадулла, Қызылорда облысы дамыту орталығы жетекшісінің орынбасары Бақытжан Абиев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ерлан  Райымов, бағдарламалау мектебінің директоры Алмат  Қуанышбаев командалардың жұмысына кәсіби баға беріп, ұсыныстарын жеткізді.

Ауқымды шарада Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің оқушылары Жансезім Ертай, Жібек Бақбергенова, Ақсүйрік  Бегімсал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті грантын иеленді.

 Сырдария ауданындағы №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің оқушылары Асылжан Абдуллаев, Тамырлан Жасұланұлы оқу ақысына 50 пайыз жеңілдікпен марапатталды. Ал, оқу ақысына 25 пайыздық жеңілдікті Қармақшы ауданы №99 орта мектебінің оқушылары Алтынай Тобылғиева мен Айзере Досимханова қанжығаларына байлады.  

Енді жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда қалаған мамандығы бойынша оқу ақысына 100 пайыз, 50 пайыз және 25 пайыздық  жеңілдікпен  білім ала алады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: