Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Университет оқытушыларының жалақысы қаншаға өсетіні белгілі болды

15.09.2021

830 0

ҚР БҒМ-ға қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйек айынан бастап өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҒМ мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушыға кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорға – 260 мың теңге, профессорға – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңгені) беріледі.

“Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне ең төменгі мөлшердегі жалақыны белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы үшін 680 сағаттан аспайтын болады, яғни оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысу үшін көбірек мүмкіндігі мен уақытының көбеюіне арналған», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: