Сенбі, 23 қараша, 21:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуына партиялық бақылау жасалды

02.08.2024

159 0


«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан Қызылорда қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы білім ордаларының құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Партиялық бақылау тобы алдымен Қызылжарма ауылдық округіндегі 600 орындық мектеп құрылысымен танысты. Жобаны іске асырушы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, Бас мердігер «Асар»ЖШС. Мектеп құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Қазір мұнда партиялық бақылау бекеті орнатылған.
Мұнан соң мониторингтік топ қаланың сол жағалауында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысының басында болды. Білім ордасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда жұмыстың 70 пайызы орындалған. Партиялық бақылау тобы мүшелері құрылыс сапасына қатысты пікрлерін білдіріп, мердігерлер ұсыныстарын тыңдады.
Комиссия мүшелері зерделеу барысында анықталған кемшіліктерге қатысты әрбір нысанға тапсырыс беруші, мердігер, техникалық бақылаушы, жобалаушы, мемлекеттік сараптамашы да жоғары жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.
Айта кетейік, Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Арал ауданында – төрт, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – екі жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында бір мектептен, Қызылорда қаласында – сегіз (2024 жылы 5, 2025 жылы 3 мектеп) заманауи мектеп бой көтереді. Бұл арқылы апатты деп танылған және үш ауысымдық мектептер саны азаяды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: