Сейсенбі, 18 маусым, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

 «Жас із кесушілер» атты квест ойыны өтті

14.06.2024

213 0

Қалалық білім бөліміне қарасты «Бегім ана» бөбекжай бақшасында жазғы сауықтыру кезеңі аясында ересек топтар арасында, дене тәрбиесі нұсқаушысы Тлепова Сәттігүл, музыка жетекшісі Есимова Маржан және логопед маманы Ақдәулетова Ақмаралдың ұйымдастыруымен «Жас із кесушілер» атты квест ойындары өткізілді.

Квест ойын 5 кезеңнен тұрды. Оның ішінде «Жіп тізбегі», «Жасырын сурет», «Жануарларды тамақтандыр»,  «Кедергілер», «Көңілді шарлар» кезеңі бойынша балалар өз қабілеттерін көрсеті. «Балабақша бал мекен», «Балабақша базарлы үй», «Балабақша есігін сәби күнде ашқанбыз» атты 3 топтың балалары әр ойын кезеңінен өткеннен кейін суреттерді іздеп тауып, соңында табылған суреттер арқылы, ребус құрап, оның жауабын айтып шықты. Ойын өте қызықты, тартысты өтті. Шытырманға толы ойындарға балалар белсене қатысты.

Маржан Есимова

«Бегім ана» бөбекжай бақшасының музыка жетекшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: