Сәрсенбі, 17 сәуiр, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«А» вирусты гепатитін жұқтырып алмас үшін қандай сақтық шараларын білу қажет?

01.02.2024

274 0

«А» вирустық гепатиті – вирус көзі науқас адам болып табылатын жіті инфекциялық ауру. Таралу факторлары: лас қолдар, сондай-ақ вирус жұқтырған барлық тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектер  болып табылады.

Жұқтыру шаруашылық-нәжіс ағындарымен ластанған су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін. Вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі  қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі, бауырды зақымдайды.

Аурудың белгілері – дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тәбет төмендейді, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу байқалады. Көптеген ауырған адамдарда катаралдық  құбылыс, тамақтың қызаруы байқалады. Зәр қараяды, сыраның түсіне ұқсайды, керісінше нәжіс ағарады.

Иммундауға жататын контингенттің екпемен тиісті деңгейде қамтылмауы, бұл ретте ата-аналардың балаларға екпе алудан бас тартуы, уақытылы егілмеуі ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне, сәйкесінше аурудың өршуіне алып келеді. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «А» вирусты гепатитіне қарсы вакцинаны уақытылы алуға кеңес береді.

 «А» вирустық гепатитінің алдын алудың арнайы жолы – вакцинациялау. Вакцинациялауға:

– екі жастағы балалар;

– «А» вирустық гепатиті ошақтарында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда, он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;

– 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі адамдар жатады.

Вакцинациялауға қосымша «А» вирусты гепатитінің алдын алу үшін келесідей сақтық шараларын ұстануды ұсынамыз:

– тамақ ішу алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан, серуеннен қайтып оралған кезде қолды жуу;

– ашық су айдындарынан қайнамаған суды ішпеу және онымен жемістер мен көкөністерді жумау;

– үйде, жұмыста, қоғамдық тамақтану объектілерінде, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптік үй-жайларда санитариялық-гигиеналық тазалықты сақтау.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: