Бұрынғы журналист әрі тележүргізуші Жанат Бақыт келер жылы адамдардың денсаулығында болатын өзгерістер туралы болжам айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбаты барысында 2025 жылы адамдардың неден ауыратыны жөніндегі айтқан.
«Біріншіден гармон жүйесі өзгереді. Адамның клеткасында толықтай жаңару, эндокриндік жүйе, жүйке жүйелерінде өзгеріс орын алады. Қалқанша без, ішек жолдары толық тазарады. Адамның көзінде өзгеріс болады. Жүрек ауруы болуы мүмкін. Ұйықтап жатып, бірден оянбай қалу, жүректің тоқтап қалуы өте көп болады. Сондықтан, менің кеңесім сол жаққа қарап жатуды азайтқан дұрыс», – деді.
Оның бұл болжамы көпшіліктің ашуына тиді.
«Жағыңа жылан жұмыртқаласын», «Общым өліп қаласың соңында деп тұр ғо», «Мынаның түрі кетіпті ғой», – деп жаза жөнелді желі қолданушылары.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!