Сенбі, 27 сәуiр, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Аудандарында МӘМС мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті

24.11.2022

345 0

Жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне аударымдар мен жарналардың тұрақты емес төлемдері МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының себептерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов Жаңақорған, Шиелі аудандарының тұрғындарымен есеп беру кездесулерінде хабарлады.

Жаңақорған ауданында 12 мыңнан астам сақтандырылмаған азамат болса, оның 3,5 мыңға жуығы жалдамалы қызметкерлер. Шиелі ауданында 11,5 мың ауыл тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалды. Мұнда да 3,5 мыңға жуық қызметкер медициналық қызметтердің толық көлемін ала алмайды.

«Жергілікті атқарушы органдар мен салық департаменттеріне ай сайын сақтандырылмаған жалдамалы жұмыскерлердің, жеке кәсіпкерлердің, құқықтық келісім шарт негізде жеке тәжірибемен айналасатындардың тізімін жолдаймыз. Өкінішке орай, жалақыны салықсыз және басқа да міндетті төлемдерсіз беретін жұмыс берушілер бар. Осының салдарынан МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді бүкіл ұжымға қол жетімді болмайды. Бұл қымбат консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтер, жоспарлы емдеуге жатқызу, оңалту және т.б.» – деді Абылайхан Рахимов.

ӘМСҚ филиалының бөлім басшысы МӘМС төлемдер 12 ай ішінде болуы тиіс екенін еске салды. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді қоспағанда. БЖТ-да «сақтандырылған» мәртебесі 3 ай тұрақты төлемдерден кейін тағайындалады. Сонымен қатар, бар болғаны 1,531,5 теңге төлеген ауыл тұрғындары (қала тұрғындары үшін – 3063 теңге) МӘМС-ға ғана емес, міндетті зейнетақы жарналарына, табыс салығына, әлеуметтік аударымдарға да жарналарды қамтамасыз етеді. Дербес төлеушілердің жарналарын бір жыл бұрын төлеуге мүмкіндігі бар. Мысалы, 2022 жылдың желтоқсаннан 2023 жылдың желтоқсанына дейін (3 000 теңге х 12 = 36 000 теңге).

Есеп беру кездесулерінің соңында МӘМС мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: