Жексенбі, 05 мамыр, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Дерматомикоз ауруының қалай алдын алуға болады?

09.10.2023

551 0

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.

Аурудың бұл түрімен ересек адамдар да, балалар ауырады. Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 9 айында дерматомикоз ауруының 193 жағдайы тіркелді. Тіркелген  аурудың 78 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары дерматомикоздың алдын алу бойынша келесі іс-шараларды сақтауды еске салады:

– жеке гигиена ережелерін сақтау;

– азық-түлікті тек рұқсат етілген орындардан сатып алу;

– етті міндетті түрде термиялық өңдеуден мұқият өткізу;

– көкөністер мен аскөктерді  мұқият жуу;

– үй жануарларын күтіп-баптау кезінде гигиеналық талаптарды сақтау;

– иттерді уақытылы дегельмитациялау;

– балалардың иесіз кезбе ит-мысықтармен байланысын болдырмау.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері – аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер, теріде қызарған дақтар, бөртпелер пайда болу, дененің қышуы, ашуы пайда болған  жағдайда тез арада дерматолог көмегіне жүгіну қажет.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: