Бейсенбі, 25 сәуiр, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мерекелік дөңгелек үстел өтті

06.03.2023

862 0

«Әйел – ару, әйел-жар, әйел – ана». 8 наурыз – жылдың ең әсем, нұрлы әрі шұғылалы мерекелерінің бірі. Дәл осы күні нәзік жандыларымызды ұлықтап, ерекше құрметімізді көрсетеміз. Әдемі дәстүр жылдан-жылға жалғасын тауып келеді.

Бүгін облыстық психикалық денсаулық орталығында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, мерекелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шарада орталық директоры Әділбай Медетбаев нәзік жандыларды айтулы мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Бүгінгі күні қоғамда әйелдердің алатын орны ерекше екенін атап өтіп, құттықтауын жеткізді.

«Құрметті әріптестер, нәзік жанды арулар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген. Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Егеменді еліміздің дамуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Осы орайда барлықтарыңыға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыс пен баянды бақыт тілеймін», – деді Әділбай Қаниұлы.

Мұнан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі турасында пікір алмасты. Аналар жас келіндермен өмірлік кеңестерімен бөлісіп, ұлт тәрбиесінде ұстану қажет қағидаларын тілге тиек етті. Мерекеге орай, әйел азаматтарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Әсем ән әуелеп, жиналғандар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: