Бейсенбі, 28 наурыз, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ревакцинация 22 қарашадан басталады

20.11.2021

832 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова 22 қарашадан бастап ревакцинация басталатынын мәлімдеді.

– Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус індетін жұқтырған 19170 жағдай тіркелді. Ауруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен соңғы екі айда КВИ аурушаңдық деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, қыркүйек айында 1125 жағдай анықталса, қазан айында 949 жағдай, ал қараша айының 15 күнінде 319 дерек тіркелді.
Айта кететін жайт, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №49 қаулысына сәйкес, 22 қарашадан бастап КВИ-ге қарсы ревакцинациялау басталады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар ревакцинациялаудан өтетін болады, – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Бұдан бөлек аймақта Pfizer вакцинасын егу басталды. 15 қарашада Қызылордадағы медициналық колледждің 70 студентіне ата-аналарының келісімімен «Pfizer» вакцинасы салынған. Бұл вакцинаның бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынса, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр.
Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 86,2% вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы екінші компонентін алды. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: