Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шаш түзеткіш химиялық құралдардың қатерлі ісік тудыруы қаупі бар – ғалымдар

20.10.2022

620 0

АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының жаңа зерттеуіне сәйкес, химиялық шаш түзеткіштерді қолданатын әйелдерде жатырдың қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеуге 35 пен 74 жас аралығындағы 33 мыңнан астам әйел қатысыпты. Әйелдер 11 жылға жуық бақылауда болған, осы уақыт ішінде жатыр ісігінің 378 жағдайы анықталған.

Ғалымдар шаш түзететін құралдарды жиі қолданғаны туралы (жылына төрт реттен көп) әйелдерде жатырдың қатерлі ісігіне шалдығу қаупі оны қолданбағандармен салыстырғанда екі есе жоғары екенін анықтады.

“Шаш түзулейтін заттарды ешқашан қолданбаған әйелдердің 1,64 пайызы 70 жасқа дейін жатырдың қатерлі ісігіне шалдығады деп есептейміз, бірақ химиялық шаш түзеткіштерді жиі қолданатын әйелдерде бұл қауіп 4,05 пайызға дейін артады», – деді Александра Уайт, зерттеудің жетекші авторы.

Сарапшылардың пікірінше, онкология қаупінің артуына өнімнің құрамына кіретін парабендер, бисфенол А, металдар және формальдегид сияқты химиялық заттар себеп болуы мүмкін. Олар бас терісі арқылы қанға ене алады.

Сондай-ақ ғалымдар шашқа арналған басқа өнімдерден мұндай жағымсыз әсерлерді таппағанын атап өтті. Бояу, шашты ашық түске айналдыратын құралдар мұндай асқынуларды тудырмайды, дейді мамандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: