Жексенбі, 08 желтоқсан, 05:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Туляремия – аса қауіпті инфекциялық ауру

05.09.2023

489 0

Туляремия – жіті инфекциялық, табиғи-ошақты ауру. 

Табиғатта туляремия көптеген жабайы жануарлардың – кеміргіштер, жәндіктер, жыртқыштар, балықтар, құстар және басқалардың ағзасында тіршілік етеді. Иксод кенелері – туляремия инфекциясының сақтаушылары мен тасымалдаушылары. Сондай-ақ соналар, масалар да жұқпаны тасымалдай алады.

Туляремияның қоздырғышы өте ұсақ бактерияларға жатады, оларға төмен температура және ылғалды орта қолайлы.

Инфекциялық қоздырғыштың берілу жолдары мен жұқтыру механизмдерінің көптігі туляремияға тән ерекшелік болып табылады.

Жұқпа көзіне байланысты адамдарда жұқтырудың мынадай жолдары байқалады: қарым-қатынаста – қоздырғыштың ауыз қуысының, бадамшаның және асқазан-ішек жолдарының шырышы арқылы енгенде, аспирациялық – ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған ауаны жұтқанда, трансмиссивті – қоздырғышты жәндіктер немесе кенелер енгізгенде жұғады.

Инфекция адамнан адамға берілмейді.

Туляремия жұқтырғаннан кейін 3-7 күн өткен соң кенеттен дене қызуының күрт көтерілуімен, қалтыраумен басталады. Науқастар бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бұлшықеттердің ауыруына, бас айналуына, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Құсу, мұрыннан қан кетуі мүмкін.

Егер мұндай белгілер байқасаңыз тез арада тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігерге қаралу қажет.

Туляремияның алдын алу мынадай іс-шараларды қамтиды:

– кәсіпорындарда, тұрғын үй-жайларда кеміргіштерді жою;

– табиғат аясына шыққанда репелленттерді (жәндіктердің шағуынан қорғайтын) қолдану;

– ашық су қоймаларынан  шикі ауыз суды тұтынбау;  

– кенелердің шабуылынан және кеміргіштермен байланыстан аулақ болу үшін далада жұмыс жасағанда уақытша тұрақтар мен киіз үйлер тіккенде,  демалатын  орынды  кеміргіштердің  інінен,  мал  айдайтын жерлерден алысырақ  орналастыру;

– шаңды түзумен бірге жүретін жұмыстарды жеке қорғаныш құралдарын (мақта-дәке бинті немесе респиратор, қолғап) қолдану арқылы жүргізу қажет.

Есіңізде болсын, жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау арқылы Сіз өзіңізді туляремиядан қорғай аласыз.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: