Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

28.11.2020

568 0

Апта басы Парижде жағымсыз жаңалықпен басталды. Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің үстінен парақорлық және заңсыз қысым көрсетті деген күдікпен іс қозғалуда. Бес жыл ел тізгінін ұстаған экс-басшы 1 млн евро айыппұл арқалауы немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға туралы «The Wall Street Journal» басылымы «Экс-басшының ісі басталды» атты мақала жариялады. Авторы – Ноэми Биссерб.Мақалада істің мұншалық насырға шабу себебі мен Саркозидің сотқа дейінгі әрекеті сөз болады. Тіпті заңсыз қадамға қатысы бар деген күдікпен атақты L’Oreal компаниясы мен Франция Кассациялық сотының қазысы Гилберт Азиберттің есімі аталған.

«23 қарашада бұрынғы ел президенті Николя Саркозидің сот ісі басталды. Саркози 2007 жылғы сайлауалды компаниясы туралы полиция тергеуінің құпия дерегін алу ниетімен магистратқа пара бермек болды деп айыпталған. Прокуратура экс-басшы биліктен кеткен соң Гилберт Азиберттің Монако княздігінің сот жүйесіне билік жүргізуіне ықпал жасады деген күдік артуда. Сол арқылы жең ұшынан жалғасып, сайлау компаниясына қатысты істі қолына түсірмек болған. Себебі бұл істе ауқатты L’Oreal компаниясының егесі Лилиан Беттанкур Саркозидің сайлауалды компаниясына қаржылай қолдау білдірді деген күдік бар».

Дүйсенбіде басталған сот ісі көпке ұзамаған көрінеді. Сот қазысы айыпталушы Азиберттің медициналық тексерістен өтпеуі себепті істі кейінге жылжытқан. Белгілі болғандай, Саркози ісі жыл соңына дейін жалғасатын болады. Телеарнаға берген сұхбатында экс-президент тағылған айыптың негізсіз екенін және әділдік үстемдік құратынына сенім білдіруде. Сот қазысы да істің байыбына барып, бар дәлелді саралауға ден қойған. Себебі Саркози биліктен кеткенімен елдегі консервативті партиялар арасында беделге ие.

«2013 жылы Саркози аталған айыптан ақталып шыққан еді. Бұл жолы тергеушілер саясаткердің телефон әңгімесін ашу арқылы жаңа айғаққа қол жеткізген көрінеді. Сондықтан алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Экс-президент болса тағылған айыпты мойындамай отыр». 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: