Бейсенбі, 02 мамыр, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ағайындылар ата-анасын велоарбамен Меккеге апаруға аттанды

18.05.2023

871 0

Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін велоарбамен жолға шықты

Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін велоарбамен жолға шықты. Бұл туралы “КТК” телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, арбаны ұзақ жолға қолдан соғып дайындаған. Бағыттары Батыс Қазақстан Ақтөбе – Маңғыстау – Атырау – Ақтау – Баку – Иран – Кувейт арқылы діттеген жерге жету. Қызылорда мен Медина шаһарының арасы 5 мың шақырымға жуық.

“Қазірдің өзінде Сыр бойында күн күйіп тұр. Алда аңызақ жел, салқын түн, шөл һәм аптап ыстық бар. Жолай менің оқырманым сәт сапар тілеп, қаржылай және ас-сумен көмек ұсыныпты. Алла разы болсын деп бас тартқан. Ақыры Ақтауға дейін барамын, жол қысқарсын, жеткізейін деп едмі, “жоқ, өзім осылай еңбекпен апарамын” депті жолаушы”, – деп жазды журналист.

Журналист қажылыққа жаяулатып керуендеткен сапаршылардың басы Құнанбай қажы болса, соңы бұлар емес дейді. 2014 жылы Дулат иман Ақмола өңірінен Сауд Арабиясына дейін жүгіріп жеткен. Жолға 4 ай кетті. 3 жыл бұрын карантинге қарамастан Алматы облысынан Жұматай атты азамат үлкен қажылыққа жаяу жол тартқан еді.

“Қажылық құрбан айтқа 4-5 күн қалғанда жасалады. Мынадай велоарба мықты дайындықпен шыққанның өзінде сағатына 10 км жылдамдықтан аспайды”, – дейді Гүлмира Әбіқай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: