Бейсенбі, 28 наурыз, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Азаматтық соғыс алдында

07.11.2020

763 0

Басылымның кезекті санында Сауд Патшалығы ханзадасының АҚШ үкіміне қарсы шағымы, Кабулдегі қақтығыс секілді өзекті тақырыптар талқыға түскен. Соның ішінде Эрмиас Тасфайе Даба мен Лесли Вроутонның «Эфиопия провинцияға әскер кіргізді» атты сараптамалық мақаласы азаматтық соғыстың аражігін аша білген:«Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед сәрсенбі күні Тыграй солтүстік аймағына әскер жіберді. Басшының сөзінше, бұл әрекет – «әскери қарсылық» және мемлекеттік әскери базаға шабуыл жасаған топқа жауап әдісі. Тыграй ұлт-азаттық майданы (TPLF) Эфиопияның аймақтағы қару-жарақ пен әскери техникасын ұрлауға тырысқан. Премьер-министр басты мақсат «ел аумағында тыныштық орнату, Отанды қорғау» екенін алға тартып, үндеу жариялауда. Бұлай жалғаса берсе, Африка түбегіндегі бейберекетсіздік орын алуы ғажап емес».Мақалада аталған мәселеге қатысты АҚШ пен Ұлыбританияның ұстанымы да сырт қалмаған. Қос мемлекет аймақтағы азаматтық соғысты дереу тоқтату қажеттігін айтып, қақтығыс салдары көрші елдерге әсер етпеуін қатаң бақылауға шақырған.Авторлардың пікірінше, даудың басы өткен айда қабылданған бюджет бөлінісінен басталған. Онда Тыграй өңіріне тиесілі қаржы көлемін қысқарту туралы шешім қабылданып, тыграйлық шенеуніктер бұл қадамның соғыс жариялаумен пара-пар екенін ашына айтқан көрінеді.«2018 жылы Эфиопия мен Эритрея арасында болған соғыстан кейін көптеген әскери ресурс Тыграй жерінде қалған. Халықаралық дағдарыс тобының сарапшысы Уильям Дэвисон да соғыстың ұзаққа созылуы қай тарапқа болмасын пайда әкелмейді деген ұстанымда. Расында, уақыт өткен сайын эфиопиялықтардың әл-ауқаты қиындай түсері белгілі. Бұған дейін елдегі ұлтаралық дауға байланысты қылмыс аз зардап әкелген жоқ. Тыграй халқы Эфиопия тұрғындарының 7 процентін ғана құрағанымен әскері мығым, қол¬басшылар құрылымы тәжірибелі. Сондықтан, жанжалдың соңын бағамдау қиынға соғады».Айта кетейік, өткен жылы ғана Эритриямен шекаралық кикілжіңді шешуге атсалысқаны үшін премьер-министр Абий Ахмед Нобель сыйлығын алған болатын. Әлемдік сарапшылар басшының мұндай әрекетін саяси сауатсыздыққа балап, мәселені шиленістіре түседі деген ойда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: