Дүйсенбі, 07 қазан, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Халық пен ханшайым

17.10.2020

823 0

Басылымның соңғы санында Тайланд еліндегі наразылыққа қатысты «Тынымсыздық теңізіндегі патша шеруі» атты Ханна Бихтің ғажап мақаласы жарық көрді. Неге ғажап дейсіз ғой? Себебі автор конституциялық монархияның «жемісі» мен саяси оқиғаның өрбу барысын бір ғана әсерлі тақырыппен-ақ тарқата білген. Егер де «The New York Times» газеті мақаланың тақырыбы мен суретін ғана жариялаған болса да мазмұнға зәредей зақым келмес еді. Себебі…
Шілде айының 18-нен басталған наразылық шарасы Бангкоктың шырқын кетірді. Дауға толы айқай мен көтеріліс белгісіне айналған «үш саусақты» отшашу үкіметтің де, тұрғындардың да сілесін қатырған еді. Құқық қорғау органдары наразы топты тарқатумен әлек болса, үкімет коронавирустың алдын алу мақсатында 5 адамнан артық жиналмауға үндеуден көз ашпады. Көшеге шыққан он мыңдаған азамат алған бетттен қайтпай, керісінше, қатары арта түсті. Бәрінің ортақ талабы – премьер-министр Прают Чан-очаның отставкаға кетуі, парламентті тарату, конституцияға өзгеріс енгізу. Сонымен қатар наразылықтың бастауына «Ұлы мәртебеліні қаралау» заңының әсері мол.
Енді мына қызықты қараңыз. Сәрсенбі күні ғибадатханадан қайтқан Сутида ханшайымның салтантты шеруі Бангкоктың орталық көшесімен жүрді. Жиналған ереуілшілер «Менің салығым», «Жасасын халық!» деген ұранмен салтанатты шеруді тоқтатпақ болып, бөгет жасады. Полиция жасақтары жол ашып, көлік қозғалысына мүмкіндік берді. Дәл сол сәтте ханшайымның танданыс жүзі мен шерушілер арасын қақ жара өткен rolls-royce көлігі «объективке ілініп», әлемдік БАҚ-тың назарын аударды.
Ханна Бихтің тақырыпты ойната сөйлеуінің мәні де осында еді: «Тынымсыздық теңізіндегі патша шеруі». Қандай үйлесім! Тынымсыз жұрт, салтанатты шеру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: