Сейсенбі, 19 наурыз, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Іздеу жүйесінің ізіне түсті

26.10.2020

967 0

АҚШ-тың заң министрлігі «Google» іздеу жүйесіне монополис­тік қадамға барды деген айып тағуда. Министрліктің мәліметінше, «Google» іздеу плагиндері мен жарнама бизнесін нығайту үшін бәсекелестерін ығыстырып, заңсыз әрекет жасаған. Бұл АҚШ тарихындағы соңғы онжылдықта ІТ технологияға қатысты ең атышулы дау болғалы тұр. «The Wall Street Journal» басылымы да оқиғаны қалт жібермей, Брент Кенбалл мен Роб Копеландтың «АҚШ «Google»-ді сотқа берді» деген бірлескен сараптамалық мақаласын сәрсенбілік санда жариялады.
«Тергеу ісі сейсенбі күні Вашингтонның аймақтық сотына жолданған. Онда «Alphabet Inc.» холдингі ғаламтордағы заңсыз желілер арқылы бәсекелестікке кедергі келтірген деген дерек бар. Оған қоса «Google» жарнамадан түскен миллиардтаған долларды ұялы телефон шығаратын «Apple Safari Inc.» мен байланыс операторларына аударған. Нәтижесінде құрылғылардағы іздеу жүйесінде «Google» жүйесіне басым­дық берілген. Бүгінде АҚШ-тағы миллиондаған құрылғыда аталған іздеу жүйе­сінің платформасы ең негізгі іздеу қызметі саналады».
Міне, ірі іздеу жүйесінің ізіне түскен америкалық заңгерлер IT саласында да заң­дық мүдде мен бәсекелестік сақталу керек­тігін дәлелдеу үстінде. Монополияға қарсы іс «Apple Safari Inc.» мен «Alphabet Inc.» секілді технология саласының қос алыбына оңайға соқпайтыны анық. Мамандардың сөзінше, даудың созылуы компания акциясының құлдырауы мен жауапкершілікке тарту жағдайына итермелейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: