Сәрсенбі, 24 сәуiр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Израильдегі індет

26.10.2020

712 0

Коронавирус індетінің екінші толқыны түрлі сипатта көрініс беруде. Індеттің беті қайтты деген ақпарға сенген халық екінші толқынға сенімсіздік танытып, бейжай қарай бастады. Тіпті денсаулық сақтау саласы дамыған Израиль мемлекетінде де енгізілген оқшаулау режиміне қара­мастан халық талапты толық сақтамай отыр. Осы орайда «The Washington Post» басылымы Иерусалимдегі ахуалды бағамдау мақсатында «Израильдегі қайта оқшаулау» атты көлемді мақала жариялап, мамандардың пікірін топтастырған. Мақала авторлары Стив Хендрикс пен Рут Элгаш Израиль­ үкі­меті қабылдаған талаптың жай-жапсары мен орындалу барысын саралау арқылы елдегі жағдайды боямасыз жеткізуге талпынады.
«Көктемдегі екі айлық карантин кезін­де 9 млн тұрғын талапты бұлжытпай сақтады. Күздегі екінші толқын одан  анағұрлым қауіпті болуы ықтимал әрі салдарын болжау мүмкін емес. 25 қыр­күйектен бастап елде карантин енгізілді. Оқшаулаудың маңызын сезінген қарапайым тұрғындар, талапты орындап әлек болса, кәсіп пен қызметті сылтау еткен шенеуніктер ескертуді елемеуде» деп жазды.
Сонымен қатар тұтас қалалар мен аумақтарда синагогтар мен жерлеу рәсіміне жиналу бәсеңдемей отыр. Авторлардың пікірінше, діни жоралғының тыйылмауына елдегі ультраортодоксальды еврейлер (харедим қауымы. -ауд.) ықпал етуде. Оған қоса, бейсенбі күні карантин салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлер қарсылық шарасын ұйымдастырған. Аза­маттар көшеде көлік дөңгелегін өртеп, экономикалық сектордағы шектеулерге наразылық білдіруде. Бірінші жарты­жылдықтағы көрсеткішке сәйкес, елдегі 37 мың бизнес нысаны тақырға отыруы мүмкін.
Мақалада Израильдегі Дәрігерлер қауым­дастығының мүшесі Ф.Левиннің жосық­сыз карантин талаптарын мінеген мысқылды ескертпесін мысалға келтіреді:
«Кафка тәрізді (еврейнәсілді жазушы. -ауд.) оқшаулану логикаға сай келмейді. Біз неліктен теңізде жүзе алмаймыз? Неге рестораннан тағамды үйге алуға болмайды? Бұл сенімге селкеу түсіреді. Алайда бұл карантинді алып тастау деген сөз емес. Біз қателіктен сабақ ала білуіміз керек. Орнымен жасамаған іс, тіпті, үшінші карантинге жетелеуі ықтимал».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: