Жұма, 29 наурыз, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Көшпелі монолит

12.12.2020

990 0

Соңғы ай әлем халқын таңғалдырған «тылсым» жайға толы болды. Соның бастысы – жұмбақ монолит. Әлемнің әр түкпірінен бой көрсетіп, уақыт өте болатын еңселі монолиттің сырын табу әзірге мүмкін болмай отыр. Ұзындығы 3 метр құрайтын тұтас тас «әлем аралап», БАҚ-тың назарына ілікті. Енді, міне, кезекті монолит Ұлыбританияның Уайт аралынан табылды. Жұмбақ тастың сырын білмекке «BBC News» арнасы «Жағалауда пайда болған «ғажайып» атты хабар шығарып, монолиттің мәнін ашуға асыққан.

«АҚШ пен Румынияда пайда болған монолит бірнеше күннен кейін Ұлыбританияда да көрініс берді. Айна тәрізді құрылым Англияның оңтүстігіндегі Уайт аралынан табылды. Монолитті алғаш жергілікті тұрғын Алексия Фишвик жексенбідегі серуен кезінде көзі шалған. Тұрғын: «Юта мен Румынияда пайда болған монолит туралы оқығаным бар. Көп халық назар аудара қоймады. Себебі фотошоп көмегімен жасалған деген тұжырымда еді. Ал аралға неліктен және қалай орналастырғанын түсінер емеспін» деп пікір білдірген.

Бұған дейін АҚШ-тың ЮТА штатында пайда болған монолит бірнеше күннен соң жоғалып, әлеуметтік желіде қызу талқы тудырып, түрлі болжам нысанына айналған еді.

Бұл әлемде табылған төртінші монолит. Кейбірі мұны құйтырқы маркетингтің айласы десе, бірі жатжерлік тіршіліктің белгісі дегенді айтуда. Ал жақында америкалық «The Most Famous Artist» өнер командасы Юта штатындағы шөлге монолит орнатқанын мәлімдеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: