Жұма, 19 сәуiр, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Күдікті құрықталды

12.12.2020

1251 0

Апта басында Иран билігі саяси қылмыскер күдігімен бірнеше азаматты тұтқынға алды. Бір қызығы, құқық қорғау органдары айыпталу­шылардың нақты қандай қылмысқа қатысы барын айтпай, жанама мәліметпен шектелуде. Әлемдік ақпараттық агенттіктер оқиғаны кезекті қоғамдық-әлеуметтік мәселе есебінде елемегенімен, кейіннен күдіктілердің жақында қаза тапқан Мохсен Фахризаденің өліміне қатысы болу ықтималдығы елеңдетпей қоймады. «The New York Times» газеті бейсенбілік санында Меган Специяның «Ғалым өліміне кінәлі құрықталады» атты мақаласын жариялады. Онда «Иран ядролық қаруының атасы», ғалым Мохсен Фахризадеге қастандық жасаушылар ауыр жазаға тартылатыны айтылған.

«Сәрсенбіде Иран билігі бірнеше азаматты тұтқын­ға алғанын ресми мәлімдеді. Алайда қамауға алын­ғандардың нақты саны мен тергеу барысы әлі құпия күйде. Ақпарат дереккөзі – Парламент төрағасы Хұсейн Әмір: «Ғалымға шабуыл ұйымдастырғандар әділдіктен, жаза­дан қашып құтыла алмайды. Тиісті заң мен билік кінә­лілерді істеген қылмыс үшін өкіндіретін болады» – деді.

Бұған дейін кем дегенде үш шенеунік оқиғаға Израильді айыптап, жазалау амалын жүргізу қажеттігін жеткізген болатын. Оған қоса АҚШ-тың ықпалы болуы ықтимал екендігін де жасырмаған. Алайда қарсы тарап істі мойнына алмай, ресми ақпарат беруден алшақтады. Ғалымның өлімі онсыз да күрделі басқару құрылымын есеңгіреткені анық»

Күдіктінің қолға түсуі оқиғаның шарықтау шегіне жетелері сөзсіз. Себебі ел басшысын Хасан Рухани да Израильге айып тағып, шүйліге сөйлеген пікірі бар еді. Ендігі шешуші рөл айыпталушының мәлімдемесіне тікелей қатысты. Сарапшылардың сөзінше, қақтығыс қашықтан басқару құрылғысы арқылы жүргізілгендіктен, айыпты тарапты дөп басу мүмкін емес. Қамаудағы күдіктілер жалған немесе дәл мәлімдеме жасаған күнде де қос елге ымыраға келу оңайға соқпай тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: