Сәрсенбі, 16 қазан, 07:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

«Күншығыс елінің» тақ мұрагері

07.11.2020

1097 0

Жапонияның қоғамдық-әлеуметтік құрылымы ерекше. Мұнда билікке аса бір ықпалы болмаса да патшалық билік әлі күнге өзекті саналады. Тіпті діни, тарихи салт-жоралғы жіті қадағаланып, орнымен жүзеге асыруға күш салады. Ханзада Акисиноның тақ мұрагері атану салтанатты кеші де жөн-жобаның бір парасы еді.
Өткен апта «CNN» арнасында Джесси Юнгтың Жапония ханзадасы Акисиноның тақ мұрагері атану шарасына байланысты «Жапония тақ мұрагерін тағайындады» атты арнайы хабар жарық көрді. Хабарда патша сарайында өткен шараның мән-маңызы сараланып, жоралғының жөн-жобасы баяндалған.
«50 адам қатысқан салтанатты шараға патша әулеті мен премьер-министр Ёсихидэ Суга және шет мемлекет елшілері қатысты. Барлығы қауіпсіздік шарасын сақтап, бетперде таққан. Шара барысында тақ мұрагеріне асыл мұра саналатын «қанжар-қорған» табысталды. Нарухито патша Акисино ханзадаға келер тақ мұрагерін сайлауға ерік беретін қылышты берді. Акисино: «Мен жауапкершіліктің салмағын сезінемін және өз міндетімді абыроймен атқарамын» деді. Негізінде салтанатты шара сәуір айына жоспарланған болатын. Алайда пандемия салдарынан кейінге шегерілген».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: