Сейсенбі, 19 наурыз, 16:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

«Өкіл әке» отанына оралды

26.11.2020

799 0

АҚШ билігі өткен айда Мексиканың қорғаныс министрі, атақты H-2 есірткі картелінің «өкіл әкесі» Сальвадор Сьенфуэгосты Лос-Анджелес қаласында ұстаған болатын. Ұстауын ұстады-ау, алайда ай өтпей жатып тағылған айыпты мексикалықтың мойнынан алып, еркіне қоя берді. Билік бұл әрекетті екі ел арасындағы ынтымақтастыққа нұқсан келтірмеу деген себепке сүйеп, тергеуді Мексика тарапы жүргізеді деген шешімге келген. Әлемдік басылымдар Сальвадордың бостандыққа шығуы Трамптың «тақтағы» соңғы шешімінің бірі деген болжам келтіруде. Экс-министрдің ісі туралы «The Wall Street Journal» басылымы да қалыс қалмай, Сэди Гурман мен Мехикодағы меншікті тілші Хосе де Кордованың «Мексика АҚШ-ты райынан қайтарды» атты бірлескен мақаласын жариялады.

«Парақорлық және есірткі саудасы жөнінде аймақтық прокурордың айыптауы кері қайтарылған соң бұрынғы қорғаныс министрі сәрсенбі күні еліне оралды. Бұл оқиғаға Мексика қысымы әсер етті. Себебі қарсы тарап генерал Сальвадор Сьенфуэгос елге қайтарылмаса АҚШ-пен бірлесе жұмыс істеуді тоқтатуға мүжбүр екендігін білдірген. Бостандыққа шыққан бұрынғы қорғаныс министрі жеке ұшағымен жетіп, өз үйіне қоныстанған. Сальвадордың сенімді серігі Эдвард Сапоне: «Генерал үйіне оралғанына дән риза және әділеттілік орнағанына сенімді» деген пікір білдірді. Мексика билігі АҚШ Прокуратурасы жинақтаған дәлелдермен істі қайта ашуға кіріскен. Алайда нақты айып тақпағандықтан, экс-министр азат».Мақала соңында Мексика сот жүйесінің осалдығы мен құқық қорғау саласындағы заңсыздық сөз болып, екі ел басшысының оқиғаға қатысты ұстанымдары сараланған.

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: