Бейсенбі, 28 наурыз, 15:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қарабахтағы жанжал жаһан назарында

10.10.2020

1065 0

Жылдар бойы даулы нысанға айналған Қарабах жанжалы қайта ушыға түсті. Аймақта әскери қақтығыс жүріп, адам шығыны да орын алған. Түрлі ақпараттық агенттіктер қақтығыс ошағынан мәлімет таратып, оқиғаның мән-жайынан хабардар етуде.

Әлемдік «ВВС News» арнасы да Қарабах жанжалы туралы тұрақты хабар таратуды бастаған. Қақтығыстың алғашқы күнінде шиеленістің се­бебі мен салдары төңі­регінде ақпарат таратса, кейін­нен оқиға орнынан ви­део-деректермен бөлісті:«Көлемі бойынша Әзірбайжандағы екінші қала Гянджа Армения­ қарулы күштері тарапынан соққыға ұшырады. Қазір таулы­­ Қарабах анклавында әлі де шиеленіс жүруде. Аймақ ресми тұрғыда Әзірбайжан иелігінде болғанымен, Армения тарапынан бақылауда болып келген.

Қарсы тараптың мәлімдеуінше, Гянджа әскери әуежайына соққы беру –  Әзірбайжан әскерінің Степанакерт қаласына жасаған қарулы шабуылына жауап. Әзірбайжан үкіметі Гянджа әскери әуежайында адам шығыны орын алмағанын айтуда. Апта бойы жалғасып келе жатқан шиеленістен 220 адам көз жұмған».

«ВВС News» қашанда журналистік батыл қадамдарға барумен көрермен жадында сақталған арна. Бұл жолғы ақпаратты тарату тәсілінде қарапайым халықтың ой-пікірінен бөлек, оқиғаның шынайылығы мен нанымдылығына қойылатын талаптарды берік ұстана біледі. Мысалы, Степанакерт қаласындағы қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындардың жан сауғалаған әрекеті көрсетілген бейнежазбада халықтың көңіл ауаны мен нақты оқиға салдары шебер көрсетілген. Бұған жылдам ақпарат тарату артықшылығы мен кәсіби монтаж жұмысының үйлесімін қосыңыз. Сондықтан телеарнаның аптадағы айтулы жетістігі ақпарат нарығына сапалы өнім сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: