Жұма, 19 сәуiр, 09:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қосалыптың текетіресі

10.10.2020

648 0

АҚШ азаматтарына соңғы он­жылдықта билік өкілде­рінің пікір сайысы аса бір қызығушылық тудырмайтын. Алайда Демократиялық партия мүшесі Камала Харрис пен вице-президент Майк Пенс арасындағы пікір қақтығысы апта бойы ғалам­дық ақпарат көздерінде қызу тал­қыға айналды. «The New York Times» газетінің тілшілері Джонатан Мартин мен Александр Бернс дебат туралы: «Пікір сайыс ар­қауы – вирус мәселесі» атты біріккен са­рап­тамалық мақала жариялады.

Авторлар кездесу барысын: «Пікірсайыс сыпайы басталғанымен, сөз орайы Қытай саясаты, денсаулық сақтау, жаңа жұмыс орнын ашу мәселесіне ойысқан сәтте қос тарап қатаң мәлімдемелер жасады. Камала Харрис Ақ үйдің пандемия кезіндегі жұмысының «осалдығын» сынады. Тіпті президент әкім­шілігі тарихындағы ең сәтсіз қадам деп бағалап, Дональд Трамптың қайта сайлауға түсуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді» деп жазды. Бірнеше сағатқа созылған дебаттағы маңызды жайларды да ресми сайттарға «суытпай»­­ жариялап отырды.

Ықпалды басылым мұнымен шектелмеді. Пікірсайыс аяқталған соң газет ұжымы ең тиімді әрі маңызды кәсіби қадамға барып,­ жиында айтылған мәліметтер мен сандық көрсеткіштің ақ-қарасын анықтауға көшті. Яғни ол – Factcheck. Қазіргі «Батыс­ журналистикасына» әлемдік ақпарат тізгінін ұстатқан және біздің отандық БАҚ кеңістігінде кенже қалған медиа-тетік өте ұтымды және сауатты қолданылды. Топтық ізденіс нәтижесінде «Жалған», «Орынсыз», «Асыра айтылған», «Шындық» деген айдармен журналист зерттеулері жарияланып, ресми ақпараттарды тексерді. Бұл осы аптадағы «The New York Times» газетінің ең маңызды әрі көңіл аударарлық еңбегі еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: