Жексенбі, 28 сәуiр, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ресей атом бомбасын жара ма?

07.11.2023

106 0

Сурет: massaget.kz

Әлем назары Израйль мен Палестина арасындағы соғысқа ауған шақта орыстар тағы бір «жіптің»  ұшын шығарды. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың қалай аяқталатыны белгісіз. Егер Ресейдің жеңілетіні анық болса, олар атам бомбасын жара ма?

Біз бұл мәселені неге көтердік? Өйткені қазанның басында Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» форумында «ядролық қа­ру­ды сынамау туралы құжаттың ратификациясын неге кері қайтармасқа?» деп пікір білдірген. Ресей бас­шысының бұл сөзі көп ұзамай шындыққа айналды. 17 қазанда Ресейдің Мемлекеттік Дума­сы ядролық қаруды сына­мау туралы құжаттың ратификациясын кері қай­тарыпты. Демек сол­түс­тіктегі көршіміз ядролық қаруды сынауға да қарсы емес деген сөз. «Жас алаш» газетінің сайтына шыққан ақпаратта аталған құжатты талқылау іске асып, Ресей Мемлекеттік Думасы бір­ауыздан ядролық қаруды сынамау туралы құжат ратификациясын кері қай­таруға дауыс бергені жа­зылған.

Ресейлік депутаттар қандай құжат­ты кері қайтарды дегенге келейік. Бұл 1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша қабылданған келісім еді. Әрі планетамыздың қауіпсіздігі үшін жасалған маңызды қадамның бірі болатын. Ресей тарапы келісім­ді 2000 жылы ратификациялаған. «Валдай» форумында Путин АҚШ ядро­лық қаруды сынамау туралы құжатқа қол қойса да, келісімді рати­фикацияламағанын айтып, Ресей де ратификация күшін жойса әділ боларын ескерткен. Бұл келісімнің кез келген ядролық жарылысқа тыйым салатын күші бар еді.  Мейлі ол әскери мақсатта болсын, тіпті бейбіт мақсаттағы сынақ болса да рұқсат жоқ еді. Енді Ресей бұл келісімді бұзып, құжатты кері қайтарып отыр. Иран, Израиль, Қытай, Мысыр, АҚШ сынды ядролық қаруға ие елдер келісімге қол қойған. Бірақ АҚШ парламент деңгейінде ратификациялаған жоқ. Ресей басшы­сының алға тартып отырғаны да осы. Дегенмен бұл құжатты Үндістан, Пәкістан және Солтүстік Корея секілді қолында ядролық қаруы бар өзге елдер мойындамаған.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, РФ СІМ орынбасары Сергей Рябков Ресей мұндай қадамға бармас үшін АҚШ-тың құжатты ратификациялауын 23 жыл күткенін мәлім еткен. Ал Песков болса ратификацияны кері қайтару ядролық сынақ өткізеді дегенді білдірмейтінін жеткізді. Енді мына қызыққа қараңыз.   «Валдай» отырысында Путин жаңа зымыранның сынақтан сәтті өткенін айтқан. «Мамандар айтқандай, кез келген қару нәтижелі болуы үшін, оны әбден сынақтан өткізу керек. Мен қазір сынақ жасау немесе жасамау туралы айта алмаймын, алайда АҚШ әрекетіне қарап қимылдаймыз», – деді Путин.

Ресейде ядролық қаруға қатысты ұсыныс бұған дейін де айтылған. Алысқа ұзамай-ақ осы жылдың маусымында ресейлік саясаттанушы Сергей Караганов Украинаны Батыс тарапынан қолдауды тоқтату үшін ядролық қару қолдану керектігін айт­қанын дерек етсек те жетеді.

Ресей ядролық қару жара ма, жармай ма, әзірге ол жағы белгісіз. Түптеп келгенде соғыстың қалай өрбитінін біз білмейміз. Тіпті кейбір ақпараттың қайсысы шынайы, қайсысы жалған екенін де ажырату қиын. Дегенмен бірді-екілі дерекке тоқтала кетейік. ВВС-де өткен жылдың 1 наурызында Путиннің Ресейдегі ядролық қаруды ерекше дайындық жағдайына көшіру туралы бұйрығы шыққаны жазылған. Дерек «Сколько ядерного оружия есть у России и стоит ли его опасаться?» деген материалдан алынып отыр. Ал «Азаттық радиосының» осы жылдың 2 қарашасындағы ақпаратына сүйенсек, В.Путин ядролық қаруды сынамау туралы құжаттың ратификациясын кері қайтару туралы заңға қол қой­ған. «Азаттық радиосының» орыс редакциясы «Что у Путина в голове?» Готова ли Россия применить ядерную бомбу» деген мақала жариялаған. Сергей Добрынин жазған материалда ядролық қаруды сынамау туралы құжат Путинді ұстап тұрған жалғыз кедергі екені де баян етілген.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: