Сенбі, 18 мамыр, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген 70 шенеунік қамауға алынды

08.02.2024

380 0

Сурет: видеодан скрин жасалған

Aqmeshit-aptalygy.kz – Нью-Йорк қалалық тұрғын үй басқармасының (New York City Housing Authority-NYCHA) ондаған қызметкері мен мердігерлері қамауға алынды. Бұл – Әділет департаменті тарихындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең ірі науқандардың бірі, деп хабарлайды  Kazinform.kz

70 адамға NYCHA нысандарында әртүрлі болжамды сыбайлас жемқорлық және кері қайтару схемаларымен байланысы бар деп айып тағылды. Мұндай айыптар 10 және 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

Алдын ала болжам бойынша, шенеуніктер жария сауда-саттықты қажет етпейтін, жалпы сомасы 13 млн доллардан асатын бірнеше шағын мердігерлікті ұсыну арқылы 2 млн доллардан астам пайда тапқан.

Қайтару схемаларына құрылыс, техникалық қызмет көрсету және тұрғын үй жобаларындағы тендерсіз келісім-шарттар кірді.

NYCHA тұрғын үйлерінде 300 мыңнан астам адам тұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: