Жексенбі, 06 қазан, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Трампқа екінші рет импичмент жарияланды

16.01.2021

1509 0

Өткен аптада АҚШ-тың экс президенті Дональд Трамп Капитолийде тәртіпсіздік тудырып, бұл әрекеттер адам өліміне алып келді. Осыған байланысты АҚШ конгресінің уәкілдер палатасы Трампқа екінші рет импичмент жариялауға дауыс берді. Ал дауыс беру қалай өткені, таңдалған президент Джо Байденнің импичмент жайлы ойы мен Трамптың видео үндеуі жайлы Стивен Коллинсон өз сараптамасын жүргізді.
Жалпы екінші импичмент Дональд Трамптың жемқорлығы мен масқара болған президенттік тарихын дәлелдеп берді дейді автор.
Трампқа жарияланған Импичмент таңдап алынған президент Джо Байденнің қызметінің алғашқы күндерін қиындатады. Ендігі кезекте президент қызметін бұл тәртіпсіздікті тоқтату амалдарын қарастырумен бастайтыны сөзсіз.
Сондай-ақ енді 10 мыңға жуық әскерилер мен қауіпсіздік қызметкерлері Байденнің инаугурациясын сақтап қалуға қауқарлы болуы қажет. Алайда ФБР-дың 50 штаттағы көтерілістің болуы туралы ескертуі қауіп төндіреді.
Ал президент Джо Байден жарияланған импичментке байланысты өз алаңдаушылығын да білдірді. Бұл Сенаттағы шаралар оның алдындағы басты мәселелердің бірі – вакцинаға қаржы бөлудің қиындататынын айтты. Экс президентке жарияланған импичмент Американың саяси институттары мен қоғамдық өмірді шындықтың айтылуына да үлкен әсер етпек. 10 республикашыл заң шығарушылардың дауыс берудегі ерліктері саясатты екі жаққа бөлуі мүмкін.
Сондай-ақ бүгінгі таңда елде орын алған олқылықтар Трамптың өзіне де кері әсерін тигізуде. Биліктен өздігімен кетпегені үшін экс президентті жеке өмірінде көптеген азаматтық және құқықтық мәселелер күтіп тұр деп хабарлайды CNN. Оның халықты видео үндеу арқылы тым кеш сабырға шақыруы компаниялар мен банктердің онымен серіктестіктен бас тартуға әкеліп отыр.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған
Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: